Жұмыс топтары
Жұмыс тобында айтылған тапсырма енді жоғалмайды
Зерені ортақ чатқа қосыңыз. Өзіне жүгінбейінше ол үндемейді, бірақ не жайында келіскеніңізді есінде сақтайды және айтылған сөзді мерзімі мен орындаушысы бар тапсырмаға айналдырады.
Бұл қалай жұмыс істейді
Тапсырма — әңгіменің өзінен
Топта әдетте былай болады: біреу «істеу керек» дейді, бәрі келіседі, ал бір күннен кейін оны ешкім есіне алмайды. Зере бар жерде бір ауыз сөз жеткілікті: «Зере, Даниярға тапсырма қой…».
Тапсырма Даниярдың жеке хабарламасына келеді: кім бергені, мерзімі және басымдығы көрсетілген. Әрі қарай бәрі кез келген тапсырмадағыдай: еске салулар, «дайын» деген жауап, тарих.
- Жоғарыда айтылғанға сілтеме жасауға болады: «Зере, осыны Гүлнараға қой, ертеңге дейін».
- Топтағы фото мен құжаттар тапсырмаға тіркеледі.
- Топтағы дауыстық хабарламаларды Зере жеке хабарламалардағыдай мәтінге түсіреді.
Әдепкіде — үнсіз
Ол әңгімеге кедергі жасамайды
Зере әр хабарламаға пікір білдірмейді, кеңес айтып киліге бермейді. Ол үш жағдайда ғана жауап береді: атын атағанда, @ арқылы белгілегенде немесе оның хабарламасына жауап жазғанда.
Қалған уақытта ол жай тыңдап отырады — кейін кімнің не уәде еткенін дәл айтып беру үшін.
Қорытындылар
Не шешілді — бір хабарламада
Сұрағанда — қорытынды
«Зере, бүгінгі қорытынды» десеңіз — ол шешімдерді, тапсырмаларды және ашық сұрақтарды есімдерімен бірге жинап береді.
Басшыға жиынтық
Кешке белсенді топтар бойынша қысқа жиынтық келеді: не жайында сөйлесті, не шешілмей қалды.
Жеке чаттан сұрау
Күні бойы чатқа қарамадыңыз ба? Зереден жеке хабарламада сұраңыз: «қойма тобында не талқыланды?».
Зере нені көреді
Зере өзі қосылған топтарды және өзіне жазылған жеке хабарламаларды ғана оқиды. Қызметкерлердің өзара жазысқанын және басқа чаттарды көрмейді. Топтағы хабарламалар онда не шешілгенін айтып бере алуы үшін сақталады — толығырақ «Деректер және қауіпсіздік» бөлімінде.
Сұрақтар
Топтар туралы не сұрайды
Зерені топ әкімшісі ету керек пе?
Жоқ. Ол кәдімгі қатысушы ретінде қосылады.
Ол неше топта бола алады?
Қанша керек болса, сонша: ауысымдар, бөлімдер, нысандар. Әр топ бойынша қорытынды бөлек жасалады.
Ол қызметкерлер тізімінде жоқ адамдарға жауап бере ме?
Жоқ. Топта бөгде адамдар болса, Зере олардың өтінішінен сыпайы түрде бас тартады: тапсырманы тек компанияңыздың қызметкерлері бере алады.
Топта тапсырманы бірден бірнеше адамға беруге бола ма?
Әр тапсырма бір орындаушыға беріледі — сонда кім жауапты екені түсінікті. Бірнеше адамға бірнеше тапсырма беріледі.
Зерені жұмыс чатына қосыңыз
Алғашқы компанияларды қосып жатырмыз. Мұның қалай көрінетінін өз тобыңызда көрсетеміз.