Пилотқа

Сұрақтар мен жауаптар

Зере туралы сұрайтынның бәрі

Ең жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Өз сұрағыңызды таппасаңыз — өтінім қалдырыңыз, жеке жауап береміз.

Қосылу

Қалай бастау керек

Зерені қосу үшін не керек?

Оған арналған бөлек нөмір, қызметкерлердің телефон нөмірлері бар тізімі және тапсырма беретін бір адам. Қосуға шамамен бір күн кетеді.

Қызметкерлерге бірдеңе орнату керек пе?

Жоқ. Олар Зеренің нөмірін сақтап алып, оған кәдімгі контактіге жазғандай жазады: мәтінмен, дауыстық хабарламамен немесе фотомен.

Зере қай нөмірден жазады?

Өзіңіз қосатын компания нөмірінен. Клиенттер жазатын нөмірді пайдаланбай, Зереге бөлек нөмір ашуға кеңес береміз.

Команданың бір бөлігін ғана қосуға бола ма?

Иә. Бір бөлімнен, бір ауысымнан немесе бір нүктеден бастауға болады.

Көмекшіге өз қалауымызша ат қоюға бола ма?

Иә. Зере — әдепкі есім; өз көмекшіңізге басқа ат қоя аласыз.

Жұмыс

Тапсырмалар, топтар және еске салулар

Тапсырманы қалай беруге болады?

Кімге не істеу керегін Зереге жазыңыз немесе дауыспен айтыңыз: «Айдос, жұмаға дейін прайсты жаңарт». Ол қызметкерді тауып, мерзімін қояды да, тапсырманы оған жібереді.

Қызметкер жауап бермесе ше?

Зере мерзімді еске салады, ал тапсырманы берген адам сұраса, қызметкер жауап бергенше қайта-қайта еске салып тұрады. Хабарламаның жеткізілгенін және оқылғанын көресіз, ал кешкі есепте үндемегендердің аты аталады.

Орындаушы мерзімді өзі ауыстыра ала ма?

Жоқ. Ол сұрай алады, ал шешімді тапсырманы берген адам қабылдайды. Келіссе — мерзім өзгереді, келіспесе — сол күйі қалады.

Зере жұмыс тобында өзін қалай ұстайды?

Атын атап, @ арқылы белгілеп немесе хабарламасына жауап жазып жүгінбейінше үндемейді. Тапсырмалар мен еске салуларды орындаушылардың жеке хабарламасына жібереді.

Ол дауыстық хабарламаларды түсіне ме? Қазақ тілін ше?

Әзірге орыс тіліндегі дауыстық хабарламаларды түсінеді — есімдер мен жұмыс сөздерін қоса. Қазақ тілін қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Ол фото мен құжаттарды түсіне ме?

Иә. Фото, видео, PDF, Word және Excel файлдарын оқиды және тапсырмаға тіркей алады.

Ұпайлар мен есептер

Бақылау және ынталандыру

Ұпайлар міндетті ме?

Жоқ. Тек тапсырмалар мен есептерді ғана жүргізуге болады. Ұпайлар бөлек қосылады, кестесін өзіңізге ыңғайлап баптайсыз.

Ұпайды ақшаға байлауға бола ма?

Иә, сыйлықақыға: ұпайдың бағасын өзіңіз белгілейсіз. Минус сыйлықақыны азайтады, жалақы өзгермейді.

Кешкі есепті кім алады?

Компания иесі және өзіңіз көрсеткен басшылар.

Барлық тапсырманы қайдан көруге болады?

Чатта Зереден сұраңыз немесе браузерде басшы кабинетін ашыңыз. iOS және Android қосымшасы әзірленіп жатыр.

Деректер және шарттар

Қауіпсіздік және баға

Зере нені көреді?

Өзіне жазылған жеке хабарламаларды және өзі қосылған топтарды. Қызметкерлердің өзара жазысқанын және клиенттермен чаттарыңызды көрмейді.

WhatsApp-тағы нөмір бұғатталса не болады?

Zere — тәуелсіз сервис, WhatsApp өнімі емес, сондықтан бұл арнаға кепілдік бермейміз. Тапсырмалар мен тарих Зереде сақталады: басқа нөмір қосасыз немесе Telegram-да жалғастырасыз — жұмыс әрі қарай жүре береді.

Деректер кімдікі?

Компанияңыздікі. Сұрасаңыз, жүктеп береміз, ал кетемін десеңіз — өшіреміз.

Бұл қанша тұрады?

Пилотқа қатысушылармен шарттарды жеке талқылаймыз. Бағаларды пилоттан кейін жариялаймыз.

Сұрағыңыздың жауабын таппадыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз — WhatsApp-қа жазып, жеке жауап береміз.