Пилотқа

Telegram

Telegram-дағы тапсырмалар — әріптеспен жазысқандай

Telegram-дағы Зере — батырмалары мен командалары бар бот емес, аты мен нөмірі бар контакт. Оған кәдімгі сөзбен жазады, ол да солай жауап береді.

Не ортақ

Бір көмекші, екі мессенджер

Сол тапсырмалар

WhatsApp-та берілген тапсырма Telegram-да да көрінеді, керісінше де солай. Тарихы ортақ.

Сол Зере

Аты, сөйлесу мәнері және ережелері бірдей. Қызметкерге қайта үйренудің қажеті жоқ.

Әркім өзі таңдайды

Бір қызметкер WhatsApp-та, екіншісі Telegram-да жұмыс істейді. Зере әрқайсысына өзін күтіп отырған жерге жазады.

Қосалқы арна

Бір мессенджер істемей қалса

Тапсырмалар мен тарих мессенджерде емес, Зереде сақталады. Бір арнаға бірдеңе болса, қызметкерлер екіншісінде жалғастырады, бірде-бір тапсырма жоғалмайды.

Сондықтан бүкіл команда WhatsApp-та отырса да, екі арнаны бірден қосуға кеңес береміз.

Топтар

Telegram-дағы жұмыс чаттары

Зере топқа кәдімгі қатысушы ретінде қосылады. Өзіне жүгінгенде жауап береді, әңгімеден тапсырма қояды және талқылауды қорытындылайды.

Зере топтарда қалай жұмыс істейді

Сұрақтар

Telegram туралы не сұрайды

Бұл бот па?

Жоқ. Бұл — компанияңыздың бөлек нөміріндегі аккаунт. Сондықтан Зере қызметкерге бірінші болып жаза алады және топтарға кәдімгі контакт ретінде қатыса алады.

Бастау үшін қызметкерге бірдеңе басу керек пе?

Зереге алғашқы хабарламаны жазса жеткілікті. Ол өзін таныстырып, ЖИ-көмекші екенін айтады және келісім сұрайды.

WhatsApp-сыз, тек Telegram-ды қолдануға бола ма?

Иә. Арналар бір-біріне тәуелсіз: команда қайсысын қолданса, соны қосыңыз.

Зерені Telegram-да қосыңыз

Алғашқы компанияларды қосып жатырмыз, арналарды сізбен бірге баптаймыз.