Пилотқа

Деректер және қауіпсіздік

Зере нені көреді, нені сақтайды және нені шешеді

Жұмыс чаттарын оқитын көмекші түсінікті болуға тиіс. Мұнда оның қалай құрылғаны және біз неге уәде бермейтініміз ашық жазылған.

ЖИ

Зере — ЖИ, өзін адам етіп көрсетпейді

Ол өзін таныстырады

Алғашқы хабарламасында Зере қызметкерге өзінің компанияның ЖИ-көмекшісі екенін айтып, не істей алатынын түсіндіреді.

Ол келісім сұрайды

Жұмыс қызметкер оған өзі жазып, келісім бергеннен кейін ғана басталады.

Онсыз да болады

ЖИ-мен сөйлескісі келмейтін адам басшыға тікелей жазады. Оның атынан тапсырманы басшы қояды.

Нені көреді

Тек өзіне арналғанын ғана

Зере өзіне жазылған жеке хабарламаларды және өзі қосылған топтардағы хабарламаларды көреді. Басқа ештеңе көрмейді.

Қызметкерлердің өзара жазысқанын, жеке чаттары мен контактілерін ол көрмейді: оларға қолжетімділігі жоқ. Сол себепті клиенттермен хат алмасатын нөмірді емес, бөлек нөмір қосуды сұраймыз.

  • Зереге жазылған жеке хабарламалар — иә.
  • Ол қосылған топтар — иә.
  • Қызметкерлердің өзара чаттары — жоқ.
  • Негізгі нөміріңіздегі клиенттермен хат алмасу — жоқ.

Нені сақтайды

Тапсырмаларды, тарихты және жауап беруге қажетін

Тапсырмалар және олардың тарихы

Кім берді, кімге, мерзімдер, жауаптар, мерзімді ауыстырулар, жеткізілгені туралы белгілер.

Хабарламалар мен файлдар

Зеремен жазысқан хаттар, қосылған топтардағы хабарламалар және тапсырмаларға тіркелген файлдар.

Қызметкерлер тізімі

Өзіңіз енгізген есімдер, лауазымдар және телефон нөмірлері.

Кім өңдейді

Модельдер — сыртқы провайдерлердікі, шешім — сіздікі

Хабарламаны түсіну, дауыстық хабарламаны мәтінге түсіру немесе фотоны оқу үшін Зере оны сыртқы провайдерлердің ЖИ-модельдеріне жібереді. Өзіміз модельдерді сіздің хат-хабарыңыз негізінде оқытпаймыз.

Компанияңыздың деректері қайда және қалай сақталатынын қосылмас бұрын келісімшартта бекітеміз.

Деректер кімдікі

Компания деректері — сіздікі

Жүктеп беру

Сұрасаңыз, тапсырмалар мен олардың тарихын ыңғайлы түрде береміз.

Өшіру

Кететін болсаңыз, компания деректерін өзімізден өшіреміз.

Ешкімге сатылмайды

Компания деректерін жарнама үшін де, басқа мақсатта да үшінші тұлғаларға бермейміз және сатпаймыз.

Кім шешеді

Адамдар мен ақша туралы шешімді адам қабылдайды

Зере қызметкерлерді бағаламайды. Ол фактілерді есептейді: тапсырма мерзімінде орындалды, кешігіп орындалды немесе орындалмады. Ұпай кестесін, сыйлықақы мөлшерін және адамдарға қатысты кез келген шешімді басшы белгілейді.

Әр ұпайдың негізі бар — нақты тапсырма және оның тарихы. Қызметкер ұпайдың не үшін қосылғанын немесе алынғанын сұрап, жауап ала алады.

Ұпайлар қалай құрылған

WhatsApp және Telegram туралы

Zere — тәуелсіз сервис, WhatsApp-тың да, Telegram-ның да өнімі емес. Бұл арналардың жұмысына кепілдік бермейміз: мессенджерлердің ережесін олардың иелері белгілейді. Бір арна қолжетімсіз болып қалса, тапсырмалар мен тарих Зереде қалады, ал жұмыс екіншісінде жалғасады.

Сұрақтар

Деректер туралы не сұрайды

Қызметкерлер топтағы хабарламаларының сақталатынын біле ме?

Білуге тиіс. Зерені чатқа қоспас бұрын бұл жайында командаға айтуға кеңес береміз, ал Зере қосылған кезде өзін таныстырады.

Жеке бір тапсырманы немесе хабарламаны өшіруге бола ма?

Иә, басшының сұрауы бойынша.

Қызметкерлеріміздің қайсысы өзгенің тапсырмаларын көреді?

Қызметкер өз тапсырмаларын көреді: өзіне берілгендерін және өзі бергендерін. Компанияның барлық тапсырмасын өзіңіз көрсеткен басшылар көреді.

Деректер туралы сұрағыңыз қалды ма?

Өтінім қалдырыңыз — қосылмас бұрын жауап береміз және шарттарын келісімшартта бекітеміз.